Мектеп тарихы » Страница 3 » №36 ЖОМ КММ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"№117 жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп тарихы
14
май
2016

Мектеп тарихы

№ 117 негізгі орта мектебінің тарихы

 

 

Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Мектеп шәкірттерге үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда. Мектебіміз – барлығымыздың мақтанышымыз. Алты-ақ әріптен құралған бұл сөздің құдіреттілігі де сонда жатқан болар.
 
Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан-жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру – мектеп ұжымының мақсаты, шын жүректі тілегі.

 

 №117 негізгі орта мектебі мемлекеттік мекемесі 2002 жылдың қыркүйек айында өз жұмысын бастады. Бұл мектеп Жамбыл ауылдық округі аумағындағы Октябрь елді мекенінде орналасқан.

Мектебіміздің алғашқы директоры Торыбаев Ғалымжан Заханұлы мектебіміздің материалдық техникалық базасының нығаюына, мектеп ауласын көркейтіп көріктендіруге көп еңбек сіңірді.

Мектебіміздің алғашқы ұстаздары: Ағабекова Г, Омарова А, Торыбаева Қ, Жакипова Г, Тастемірова Т, Шынтөреев Ж, Сералиева Г, Мамасариев Б, Зулпиева К, Ерманова Н, Көбенова М, Аширбекова Б сияқты ұстаздар мектебіміз ашылғалы бері қызмет етіп келеді. Бұлардың көпшілігі қазіргі таңда зейнеткерлік демалыста.

 2010 жылдың маусым айынан бастап мектебімізді басшысы қызметін Шынтөреев Жолбарыс Сатыбалдыұлы атқарып келеді. 

Мектебіміздің жетістіктері: 2009 жылы мектебіміздің екі оқушысы ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жақсы жетістіктерге жетті, атап айтқанда 9 сынып оқушысы Қоңырбаева Аққу қоғамдық - гуманитарлық секция бойынша жазушы-журналист, «Сана және Нарық» газетінің бас редакторы болған Оразхан Жарқынбектің «Өмірі мен шығармашылығы» деген тақырыпта өз жұмысын қорғап, облыстық кезеңге қатысып жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сол жылы жаратылыстану ғылымдары секциясы бойынша 9 сынып оқушысы Полатова Мадина деген оқушымыз «Ақсу – Жабағылы қорығының экологиялық жағдайы» деген тақырыпта өз жұмысын қорғап аудандық ғылыми жобалар байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды. 

 Ғылыми жобалар байқауы бойынша 2010-2011 оқу жылында жеткен жетістіктеріміз: 2010 жылы география пәнінен жаратылыстану ғылымдары секциясы бойынша 8 сынып оқушысы Сапарбай Айжан «Қазақстанның экологиялық жағдайлары» деген тақырыпта өз жұмысын қорғап аудандық ғылыми жобалар байқауында жүлделі ІІ орынға ие болды. 8 сынып оқушысы Торыбаева Мадина биология пәнінен жаратылыстану ғылымдары секциясы бойынша «Мақтарал ауданында кездесетін қаттықанаттылардың ауыл шаруашылығындағы маңызы» атты тақырыпта өз жұмысын қорғап аудандық ғылыми жобалар байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды. Аталған екі оқушымызда ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне жолдама алып, мектебімізден Торыбаева Мадина ғылыми жобалар байқауының облыстық байқауына қатысып, ОББ бастығы М. Туғанбаевтың атынан «Алғыс хатқа» ие болды.

 Осы жұмыстарға жетекшілік жасаған тарих пәнінің мұғалімі Жарқынбекова Айнұр, биология пәнінің мұғалімі Турсунбаева Гүлнар, география пәнінің мұғалімі Оразов Бахытбек, биология пәнінің мұғалімі Тагаева Жайсанкүл сияқты мұғалімдер мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары.

Мұғалімдер арасындағы пән олимпиадаларынан мектебіміздің ұстаздары жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтқанда, қазақ тілі пәні мұғалімі Б. Мамасариев ІІІ орын, тарих пәні мұғалімі А. Жарқынбекова, география пәні мұғалімі Б. Оразов, бастауыш сынып мұғалімі М. Көбенова, Физика пәні мұғалімі Г. Тулеева, орыс тілі пәні мұғалімі Б. Торыбаева сынды тәжірибелі ұстаздарымыз бар. 

 Аудандық «Өнерлі ұстаз – 2011» байқауының жеңімпазы Ж. Төлебаева, «Үздік бастауыш сынып кабинеті – 2011» байқауының жеңімпазы М. Байбатырова, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілген оқушылар арасындағы ғылыми жоба жұмысына оқушы дайындап, жетекшілік жасағаны үшін мектебіміздің тарих пәні мұғалімі А. Жарқынбекова ОББ тарапынан «Алғыс хатқа» ие болды, мектебіміздің педагог – психологы К. Шеримбетова аудандық семинарларда баяндамалар оқып, бірнеше тақырыптарда ашық сабақтар өткізгені үшін ОББ тарапынан 2-рет, ПКБАЖҚДИ тарапынан «Алғыс хаттармен» марапатталды бұл ұстаздар мектебіміздің мақтаныштары.

 Мектеп оқушылары арасында аудандық пән олимпиадаларының физика пәні бойынша ІІІ орын иегері 9 сынып оқушысы мектебіміздің мақтанышы Сапаров Оралхан, 9 сынып оқушысы мектебіміздің мақтанышы Жақсыбай Нұрлыбек аудандық Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілген оқушылар арасындағы ғылыми жоба байқауында І орын иеленіп, облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленді. 

Мектептен ұшқан, мақтан етер түлектеріміздің алды жоғарғы оқу орындарын (грантпен) бітіріп, мамандық иелері атанып жатыр. Оларды айта кетер болсақ: мектебіміздің 2003 жылғы түлегі Шынтөреев Нұрлан Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Қызыл дипломға» бітірді.

2006 жылғы түлектері Ж. Құлмаева Алматыдағы техникалық университетінің грант иегері атанды, Сламбеков Теңел Қостанайдағы педагогикалық университеттің грант иегері, Уалиева Закира Шымкенттегі М. Әуезов университетінің грант иегері.

 2008 – 2009 оқу жылында «Үздік куәлік» иегері Шынтөреев Ерлан қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің түлегі..

 2009 – 2010 оқу жылында Н. Сапаров, М. Полатова сынды оқушыларымыз «Үздік куәлік» иегерлері.

 2010 – 2011 оқу жылында Сапаров О, Зейілбекова К, Жақсыбай Н сияқты оқушыларымыз «Үздік куәлік» иелері.

2011 – 2012 оқу жылында Пердебаева Ж, Торыбаева М, Ерханова С сынды оқушыларымыз «Үздік куәлік» иелері атанды.

2012 – 2013 оқу жылына Үсенова А, Досаева А «Үздік куәлік» иегерлері.

2013 – 2014 оқу жылында Торыбаева М, Тұрғараева Б, Қоңырбай Қ сынды оқушыларымыз «Үздік куәлік» иелері атанды.

2014 – 2015 оқу жылында Мүтәлхан Гулбану, Шәріп Аяжан сынды оқушыларымыз «Үздік куәлік» иелері атанды.


Мектебіміздің мақтан етер түлектері осылар, алда талай мектебіміздің мерейін асыратын түлектер шығады деген ойдамыз.




Мектеп директоры: Ж. Шынтөреев.

Похожие публикации:

Назад 1 2 Вперед